Су тасқыны бола ма, болмай ма? - Вице-премьер жауабы

1697
Adyrna.kz Telegram
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Премьер-министрдің орынбасары келесі жылы су тасқыны болмайды деп нақты айта алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды"Адырна" ұлттық порталы.  

Вице-премьер Қанат Бозымбаев әріптестердің отставкаға қатысты сауалына жауап берді.

"Біріншіден, менің тәжірибем бар. Сондықтан отставкаға кетуге дайынмын.

Қазір біз баспанасыз қалған адамдарды үймен қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді жұмсап жатырмыз. Екіншіден, апатты алдын ала болжайтын жүйені жасауға назар аударып жатырмыз. 2 мәселені биыл қолға алып, тиісті министрліктерді қамтамасыз етіп, бәрін жасасақ, су тасқыны болса да, келген шығын аздау болады", - деді Қанат Бозымбаев Үкімет отырысында.

Одан бөлек, вице-премьерге келесі жылы апаттың қайталануы мүмкін бе деген сауал жолданды.

"Оны кім айтады? Алладан сұраңыз... Су тасқыны бола ма, болмай ма? Оны Алладан сұраңыз", - деп премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев жауабын қысқа қайырды.

Пікірлер