Испаниядағы су тасқыны. Қаза болғандар саны 214-ке жетті

977
Adyrna.kz Telegram
Фото: ВВС
Фото: ВВС

Испания премьер-министрі Педро Санчес тасқынынан қаза тапқандар саны 214-ке жеткенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы The New York Times газетіне сілтеме жасап.

Мәліметтерге сүйенсек, Испания үкіметі бұрын жұмылдырылған 2,5 мың сарбазға қосымша із-түзсіз жоғалған адамдарды іздеуге және аумақты тазалауға көмектесу үшін тағы 5 мың әскер жібереді.

«Бұл Испаня армиясының бейбіт уақыттағы ең ауқымды операциясы. Үкімет қажет болған барлық ресурстарды жұмылдыратын болады", - деді Педро Санчес азаматтарға арналған телеүндеуінде.

Пікірлер