"Қыз баланы жат-жұрттық деп бөлу - фашизм" — Дина Төлепберген

1830
Adyrna.kz Telegram
Фото: Дина Төлепберген парақшасынан
Фото: Дина Төлепберген парақшасынан

Белгілі тележүргізуші, журналист Дина Төлепберген әйел тағдырына қатысты мәселелерге өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Астарлы ақиқат" бағдарламасының жүргізушісі, журналист Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында түрлі пікір тудырған. Ол Instagram желісіндегі парақшада қыз бала иен әйелдің тағдырына қатысты қанатты сөздері мен түрлі тақырыпта бейнелер жариялап жүр. Соның бірінде тележүргізушінің "қыз баланы жат-жұрттық деп бөлу - фашизм" деген пікірі желі қолданушыларын дүрліктірді.

«Әйелді ұру – қылмыс. Бұл бос ұран емес, бұл енді заң. Біз «қыз – жат-жұрттық деген ойдан жиренуіміз керек. Өз бауырыңнан шығып, тоғыз ай көтерген перзентіңді қыз болғаны үшін «жат» деп жақындатпау – фашизм. Мен әрбір ата-ананың өз қызын жат емес, жаным дегенін қалаймын. «Ұлдың мұрасы өзімізде қалады, қыздың мұрасы құдаларға барады» деп ойлау қате! Ұл өз пәтеріне өзі ақша тапса, ұтылмайды. Ал қыз үшін бұл – қауіпсіздік  алғышарты», - деп ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Желідегі оқырман Дина Төлепбергенді қолдаса, ендігі бірі қарсы пікір жазып қалдырған.

Айта кетейік, Дина Төлепберген қыздарды кеш тұрмысқа шығуын қолдайтынын айтып, өз парақшасында жазба жариялаған еді.

Пікірлер