«Алло, рұқсат па?» Министр жөнсіз сөзі үшін сынға қалды

1378
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 24 маусым мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп тұрып, жөнсіз айтылған сөзі үшін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров сын астында қалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ-қа сілтеп. 

Журналистер министрден шегірткенің биыл егін даласына келтірген шығыны жөнінде сұраған. Киіктен келген шығынды есептеп бітпей жатқан уақытта шегірткеден келетін шығынды қалай есептейсіздер? Сауал осылай қойылды.

“Киіктер мен шегірткелерді салыстырмай-ақ қояйықшы. Екеуі екі басқа. Шегірткеден әлі шығын келген жоқ. Егер шығын келсе... Алло... Рұқсат па? – деді министр.

Осы кезде журналистердің бірі «неліктен сіз өзіңізді бұлай ұстайсыз?» деп ескерту жасады.

“Жоқ, жоқ, мен өз адамдарыма айтып жатырмын ғой. Сізге емес”, - деп ақталды министр.

Журналист «өзіңіздің қызметкерлеріңізге айтылса да, бұл дұрыс па?» деп ескерту жасаған. «Кешіріңіз» деді министр.

“Шегіртке былтыр 1,5 млн га жерге таралса, былтыр препаратты уақытында алмағанның салдарынан биыл 2,5 млн га аумаққа көбейіп кетті. Күзде зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде 2,5 млн ге жерге препарат керектігін түсіндік. Бірақ бекітілген бюджетте 4,2 млрд теңге ғана ақша болды. Осы мәселеде премьер-министр бізді қолдап, тағы 3,9 млрд теңге берді. Сондықтан, қаражат пен препарат жеткілікті”, – деді Сапаров.

Сондай-ақ, ол қазір шегірткемен күреске 427 техника, 36 ұшақ, 36 дельтаплан жұмылдырылғанын айтты.

Пікірлер