Ресейге салынған санкция теңгені теңселтті

2790
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциясы теңге бағамына әсер етті. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

6 сәуірде санкция жарияланғанан кейін бірінші сауда күні бұл барлығына кері әсер етті. "РУСАЛ" акциялары едәуір құлады. Ресейлік рубльдің едәуір өзгергенін байқап отырмыз. Біріншіден, біздің экономикамызға әсерін бағалау үшін алдағы екі-үш күнде жағдай қалай өрбитінін көруіміз қажет. Сіздер білесіздер, нарықта бұл қобалжу туғызды. Оның үстіне кейбір мәселелер саясатпен байланысты. Сондықтан, ең әуелі, Ресейде қалай дамитынын бағамдауымыз керек. Егер рубль жүйелі түрде әлсіресе, онда белгілі бір әсерін тигізетін шығар, — деді министр.

Сүлейменов қазір министрлік ұлттық банкпен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Қазір премьер-министрдің төрағалығымен экономикалық саясат бойынша кеңес өтіп жатыр. Онда бұл мәселе де қаралады. Қазіргі таңда Ресейдегі жағдай қаншалықты жүйелі сипатқа ие болатынын анықтап, содан кейін біздің экономикаға баға беруге болады",- деді ол.

Министр Ресейге жарияланған санкциядан кейін айырбас пунктерінде теңге бағамының өзгеруі девальвацияға жатпайтынын атап өтті.

Айта кетсек, АҚШ Ресейдің бірқатар ірі бизнесмендері мен жоғары шенді шенеуніктерін, бірқатар компаниясын санкциялық тізімге енгізген болатын. Осының салдарынан рубль құлдырап, ресейлік компаниялардың акциялары арзандап кетті.

Бүгін ұлттық валюта бағамы бір долларға шаққанда 324,62 теңгені құрады. 9 сәуірдегі таңғы сессияның қорытындысы бойынша бір доллар 320,11 теңге болған еді.

Пікірлер