ТОРТУЫЛ ШОҚАН: "Алтау ала болса", молда дүмше бола ма?

1634
Adyrna.kz Telegram
Фото: sever-press.ru
Фото: sever-press.ru

Мына арабқұл «Алтау ала болса—ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса—төбедегі келеді» деген Майқы биден бұрын айтылған сөзді қазаққа қимай— араптың құдайы Аллаһқа, құранды құрастырған Мұһамедке теліп отыр.

«Алтау ала болса..» - дағы алтау, ол:

«Алты Алаш» ұғымы болуы мүмкін!

«Біздің дәуірімізден бұрын— 4 ші ғасырда жазылған» делінген «Кеген тас» жазуындағы «алты бөріг» («алты қасқыр») деген сөздің, «алты алаш» мағынасын беретіні жөнінде (үйсін, қаңлы, қырғыз, хақас, татаб-татар, сақ-ғұн тайпалары) ғылыми болжамдар бар» депті тарихшылар.

Тағы бір тарихи деректе "Алаша (Алача)" деген лақап атқа ие болған хан кездеседі.

Оның шын есімі - Сұлтан Ахмад хан I.

Ол Моғолстанның орталығы мен шығысында билік құрған (1485 - 1504 жж.) Шағатай әулетінің өкілі. Ойраттармен болған қақтығыстарда асқан қатыгездік көрсетіп, ойраттарды үлкен адам шығынына ұшыратқан-мыс.

Сол себепті "Алача, Олоча", яғни, «өлтіргіш», «аяусыз» деген лақап атпен тарихта қалған.

Сұлтан (Хан) Ахмед «қалмақтардың мені Алаша деп атағаны—қорыққаны. Демек, ұранымыз Алаш болуы тиіс» деген деректі Ә.Бөкейхан да, Шаһкерім Құдайберді ұлы да айтқан.

Көшпенділер тотемі Қасқыр («аяусыз», «өлтіргіш») болуыда осыдан шығар бәлкім..

Тарихшы Темірғалиевтың пікірінше:

«Алаш хан деп Керей мен Жәнібек хандардың арғы атасы Орыс ханды атаған»- мыс.

Ал, орыс тарихшылары Алаш ханды Хақназармен байланыстырса, біздің современный тарихшылар «алты алашқа» қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркімен, ноғайды жатқызып—шежіре таратады.

Қалай десек те, «Алты Алашты» зерттеген тарихшы көп болған!

Бәрінің айтатыны осы: ішінде қазағы бар, өз алдына ел болған, «Алты Алаш» одағы!

Ал, «төртеу түгел болса—төбедегі келеді» деген тіркес меніңше:

Береке (байлық),

Бірлік (ынтымақ),

Ерік (бостандық),

Жігер (батырлық) болса —тәңірден тілегенің келеді деп, басы біріккен ел халқына арналған  өсиет шығар, кім білсін...

 

Тортуыл Шоқан

 

 

Пікірлер