Астанада 16 маусым түнде ер адам көшеде әйелге шабуыл жасады. Ер адамның КТК телеарнасының экс-директоры, қоғам қайраткері Арман Шораев екені айтылды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің telegram-арнасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Видеода ер адам әйелді шашынан сүйреп, жұдырықпен ұрып, жерге лақтырып жібереді.
Оқиға орнына жеткен полицейлер оқиғаға қатысушылардың жеке басын анықтады. Видеодағы ер адам танымал қоғам қайраткері Арман Шораев екені белгілі болды. Әйел арыз беруден бас тартып, Шораевқа ешқандай шағымы жоқ екенін айтқан.