Әлемге танымал Билл Гейтс жұбайымен ажырасатынын жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Біздің өз қарым-қатынасымыз туралы көп ойландық. Некемізді заңды түрде тоқтатуға бел будық», - деді ерлі зайыптылар.
Бұл ақпарат Гейтсің Twitter парақшасында жарияланған еді.
27 жыл отасқан жұбайымен бірге ел қызығарлықтай 3 бала тәрбиеленіп шықты. Сондай-ақ, барлық әлемге құзыреті жететін қайырымдылық қорын құрды.
«Біз бұған дейін бірлескен жұмысты әрі қарай жалғастырамыз, алайда енді ерлі-зайыптылар ретінде өмір сүрмейміз», - деді Гейтс.
Айта кетейік, Билл Гейтс - ең бай кәсіпкерлердің бірі. Отбасылық табыс көзі 130 миллиард теңгеге дейін барады екен.
“Адырна” ұлттық порталы