«Өтірік үшін жауап береді». Арман Шораев әйелді соққан видеода өзі емес екенін айтты

1919
Adyrna.kz Telegram
Фото: Vlast.kz
Фото: Vlast.kz

Журналист Михаил Козачков жариялаған әйел адамды соққан “Арман Шораев” делінген видеоға Шораев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Желіде Астана қаласында ер адамның әйелді ұрып-соққан видеосы тарауда. Журналист Михаил Козачков видеода қоғам қайраткері Арман Шораев бейнеленгенін айтып, телеграм арнасында видеоны жариялады.

Жарияланған видеода ер адамның әйелді қалай қағып, көлікке отыруына кедергі келтіріп, шашынан тартқаны көрсетілген.

Оқиға алдыңғы түнде болған деген болжам бар. Әйел арыз жазудан бас тартты, деп атап өтті журналист.

Қоғам қайраткері Арман Шораев видеода өзі емес екенін айтты. 

«Мұның бәрі өтірік. Мен ешқашан ешкімді ұрған емеспін. Бұл Козачковқа төленетін арандатушылық және қара пиар», — деп түсіндірді Шораев.

Ол Михаил Козачковтың жасанды интеллектің құрбаны болғанын және оған қарсы арыз жазатынын атап өтті. 

Айта кетейік, Қазақстанда 2024 жылдың 16 маусымында тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң күшіне енді. Енді ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін қылмыстық жауапкершілік әкімшілік емес, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Айыппұл салынып, қоғамдық жұмыстар және 50 тәулікке дейін қамауға алынады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер