Семейде «өрмекші адам» бейнежазбаға түсіп қалды (ВИДЕО)

1483
Adyrna.kz Telegram

Семейде «өрмекші адам» жылу желілерінің құбырларына өрмелеу кезінде бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы бірден келген. Ол «суперқаһарманның» қауіпсіздігіне алаңдаушылық танытатынын айтып, одан биіктен түсуін сұраған.

Полиция қызметкері Дастан Жақпанов «өрмекші адамның» небәрі 16 жаста екенін білгенде, оны үйіне апарып тастаған.

Анасының қатысуымен жасөспіріммен профилактикалық әңгіме өткізіліп, мұндай ойындардың өте қауіпті екендігіне назар аударылды.

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісмен Руслан Берденов астаналық Абу Даби Плаза шатырына шығып, Бэтменнің бейнесінде видео түсірген еді.

<

Пікірлер