Орман өртін өшіру барысында қыршын кеткен жас инженерді ақын ағасы жоқтады

3178
Adyrna.kz Telegram
Семейлік ақын Мерей Қарт Абай өңіріндегі өрті өшіру барысында ерлікпен қаза тапқан бауыры, күллі қазақтың ер перзенті жайлы жазба жариялап, елі үшін отқа түскен азаматты жоқтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Абай өңіріндегі қылқан жапырақты орманды шарпыған өрт салдарынан жас инженер, тұтас елінің перзенті Тоқтасынов Серікжан Бақытбекұлы қапияда қаза тапты. Орты толмас қаза хақында ақын Мерей Қарт жазды:
- Бақұл бол, батыр бауырым!
Семей орман шаруашлығының инженері Тоқтасынов Серікжан Бақытбекұлы (1996-2023) —Семей орманы өртін өшіру барысында дүниеден өтті.
Ұлы нағашымыз Бақытбек ағаның жалғыз ұлы еді! Жаның пейіштің нұрында шалқысын! Елгезек едің, Ел үшін отқа түстің, есімің мен ерлігің мәңгі есімізде қалады! - деп жазды қаламгер.
Қыршын кеткен азаматтың қапиядағы қазасы қалың елдің қабырғасын қайыстырды. Ебіл-дебіл көзіне жас алып, көңіл босатып жатқан жұртта есеп жоқ.
Сіздерге "Отаны үшін отқа түскен" азамат-ердің жеке мұрағатынан фото-видеолар ұсынамыз.
Еске сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Семейдегі орман өртін сөндіріп жүріп мерт болғандардың кім екені әлі анықталмағанын айтты. Алапат алауға ауыздық салу жұмыстары жалғасып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер