Петропавлда бір үйдің үш адамы өлі күйде табылды

3234
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9

Петропавлда бір үйдің үш адамы өлі күйде табылды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Полицейлер жедел түрде Петропавл қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған факт Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (Екі немесе одан көп адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді»,—делінген хабарламада.

Пікірлер