Жүзуден ел чемпионы атанған азамат көмекке мұқтаж екенін мәлімдеді

1037
Adyrna.kz Telegram
Фото: pushinka.top
Фото: pushinka.top

Мүгедектер арасындағы жүзуден ел чемпионы көмекке мұқтаж, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК телеарнасының жаңалықтарына сілтеп.

Паралимпиадалық ойындардың жүлдегері Михаил Мельник спорттан қол үзген. Спортшы ұлттық құрама сапынан шыққан соң сыйақы алмаған. Спортшы үшінші топтағы мүгедектігіне алатын зейнетақысының күнкөріске жетпейтінін мәлімдеген. Оның айлық зейнетақысы - елу мың теңге.

53 жастағы Михаил Мельник он жыл бұрын денсаулығынан айырылған. Құрылыс алаңында аяғына тас плита құлаған азамат мүгедектер арасындағы жүзуден ел чемпионы.

"Қазір алатын зейнетақым ештеңеге жетпейді. Азық-түлік алсам, ай сайынғы коммуналдық төлемдерді өтей алмай отырамын. Елу мың теңгеге не аламын? Ең болмағанда, екінші топқа ауыстырса, жиырма мың теңгеге зейнетақым өсер еді ғой", - дейді Михаил Мельник.

Спортшы соңғы екі жылда жаттығуға баруды мүлдем қойып, жарысқа да шықпаған көрінеді.

"Осы бірінші орын алғаны үшін ол кісіге 40 айлық көрсеткіш тағайындалды 2021 жылы. Сол келесі 2022 жылға дейін алған болатын. Енді әр спортшы жаңағы стипендиясын жалғастырып алу үшін келесі жылға да өз нәтижесін көрсету керек. Республикалық орындар алу керек", - дейді мүгедектерге арналған спорт клубының әдіскері Нұрсұлтан Елеу.

Пікірлер