Ақтөбе облысында төрт күн бұрын жоғалып кеткен аутист-баланың денесі өзеннен табылды

1288
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында төрт күн бұрын жоғалып кеткен аутизммен ауыратын баланың денесі өзеннен табылды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының құтқарушылары сағат 9:45-те Елек өзенінің жағалауынан 15 м қашықтықта жоғалған баланың денесін 1,5 метр тереңдіктегі судан алып шықты. Қазір мәйіт полицияға тапсырылды. Айта кетейік, осы уақытқа дейін іздеу жұмыстарын құтқарушылар, кинологтар, полиция қызметкерлері, 20982, 6655 әскери бөлімдері, жергілікті тұрғындар мен еріктілер жүргізді», - деп хабарлады сенбіде ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, аутист-бала 4 маусым күні жоғалып кеткен болатын. Оның жоғалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Пікірлер