Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желідегі таныстық кезінде 700 мың теңгесін жоғалтқан

1864
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

48 жастағы Ақтөбе тұрғыны әлеуметтік желіде ер адаммен танысып, 700 мың теңгесін жоғалтып алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысының полиция департаментінің мәліметінше, желідегі “жаңа” танысы әйелге өзін АҚШ тұрғынымын деп таныстырған. Біраз сөйлескеннен кейін “шетелдік күйеу жігіт” қазақ әйеліне брендтік сағаттар мен сөмкелер және 10 мың долларды сыйлыққа жібергенін айтты. Бірақ сыйлықты алу үшін ол кедендік алым төлеуі керек. Солай әйел оған 700 мың теңгедей ақша аударған.

Полиция департаменті алаяқтардың айласына түсіп қалмау және өз жинаған ақшаңызды қорғау үшін қарапайым ережелерді сақтау керектігін ескертеді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер