"Алды-арты сұм дүние осы екен ғой..." Ақын Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды

5729
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ақын, журналист Мылтықбай Ерімбетов өмірден озды. Қаралы хабарды ақын, журналист Қасымхан Бегманов жеткізді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бүгін, 7 маусымда талантты ақын, белгілі журналист, Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма мүшесі, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты  Мылтықбай Ерімбетовтың кенеттен жүрегі тоқтап, 68 жасында өмірден өтті. Ақынды ұлы Ерболат Мылтықбайұлы жақындарымен бірге бірнеше көлікпен туған жері Жетісайға алып кетті. Ертең сағат:11:00-де Жетісай ауданының  "Телман" ауылындағы ата - анасының қарашаңырағында ақынның жаназасы өтетін болды»,—деп жазды ол.

Мылтықбай Ерімбетов 1956 жылы Түркістан облысында, Жетісайда туған. 1977 жылы ҚазМУ-дің (қазіргі ҚазҰУ — ред.) журналистика факультетін бітірген. Ол  — «Балқаймақ»,» Отырар төбе», «Айналайын анашым», «Бастау» кітаптарының авторы.

Алды-арты сұм дүние осы екен ғой,
Тіршілік жетелескен көш екен ғой.
Артқыға - ұрпақ мирас, ісің - аңыз,
Қазына, байлық жию – бос екен ғой... - деп жырлаған еді ақын жүрегі.

Пікірлер