Мәжіліс 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салатын заң қабылдады

1057
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салатын заң қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Энергетикалық сусындар алкогольден де қауіпті болып отыр. Қазір он жасар бала да энергетикалық сусынды оңай сатып ала алады. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған адамдарға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды», - деді депутат Елнұр Бейсенбаев сәрсенбі күні Мәжіліс отырысында.

Жаңа ереже Мәжілістің екінші оқылымында мақұлданған «Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға енгізілді.

Енді Қазақстанда лотерея билеттерін, оның ішінде электронды билеттерді тек лотерея операторы мен агенті арқылы сатуға рұқсат етілген. Оларды сатуға лотерея терминалдары, стационарлық емес сауда объектілері, пошта операторының пошта байланысы филиалдары және лотерея операторының филиалдары арқылы рұқсат етіледі.

Тұрғын үйлер мен жатақханаларда, мәдениет ұйымдары орналасқан жекелеген ғимараттар мен құрылыстарда, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарында, діни ғимараттар мен құрылыстарда лотерея билеттерін таратуға және терминалдар орнатуға тыйым салынады.

Пікірлер