Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи әскерде қаза тапқан және жарақат алған сарбаздардың аналары ұйымдастырған шеруге қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Депутаттың айтуынша, 10 қараша күні өткен аналардың наразылығы кездейсоқ емес, оның артында елдің қорғаныс қабілетіне әсер етуге бағытталған белгісіз күштер тұруы мүмкін.
«Жазу жазып, плакат ұстап шыққаннан кейін, әрине, мұны ұйымдастырған күштер бар. Меніңше, бұл күштер Қазақстан әскерінің қорғаныс қабілетін әлсіретуді көздеп отыр», – деді Ермұрат Бәпи.
Бір топ ана Үкімет үйінің алдына жиналған еді. Олар қорғаныс министрлігінде реформа жүргізуді, жапа шеккен отбасыларға әділ өтемақы төлеуді және әділ тергеу жүргізуді талап етті.
Ал вице-министр Дархан Ахмедиев аналармен неге министрдің өзі жүздеспегенін түсіндірді.
Т. Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі Астанада симфониялық музыка кешін ұйымдастырады
“Сайлауда алаяқтық жасалуы әбден мүмкін”: Рауан Шаекин өзін Парламенттік сайлауға тіркемей отырғанын айтты