Жетісу облысында күкірт қышқылы төгілді. 46 тұрғын эвакуацияланды

1282
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Малайсары вокзалында вагон цистернасында диаметрі 25 миллиметр болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылының төгілуі анықталды, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

«Құтқарушылар жергілікті тұрғын үйлерден 46 ауыл тұрғынын ертерек эвакуациялады, вагон цистернасын салқындату жұмыстары жүргізілді», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі бастапқыда 46 үйден тұрғындарды көшіру туралы хабарлаған болатын. Алайда, кейін министрлік деректерді түзетіп, ақпараттық бюллетень мәтінін өзгертті.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, деп сендірді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Ақмола облысындағы теміржол жолдарында күкірт қышқылы төгілген болатын. Аталмыш жайттан кейін алты адам эвакуацияланды.

 

Пікірлер