Ресейде жолаушылар мінген автобус өзенге батып кетті

4576
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында жолаушылары бар автобус көпірдің қоршауын бұзып, Мойка өзеніне құлаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сол елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, автобустың ішінде жиырма шақты жолаушы болған. Оқиға орнында 70 құтқарушы, 18 техника жұмылдырылған.

Видеода көрініп тұрғандай, автобус жүргізушісі өзенге құламас бұрын, жолдағы екі көлікке соқтығысып, жайпап өткен.

Қазіргі уақытта кем дегенде үш адам қайтыс болғаны, тағы алтауы ауруханада екені айтылды. Жергілікті ақпарат құралдары қаза тапқандар саны алтыға жеткенін хабарлады. Автобус бір сағаттай су астында жатты. Куәгерлердің айтуынша, есінен танып қалған адамдар бірінен соң бірі судан шығарылды.

Пікірлер