"Алматы қалалық ІІД бұрынғы бастығы ұсталды". Прокуратура ақпаратқа қатысты пікір білдірді

1372
Adyrna.kz Telegram
фото: Tengrinews.kz
фото: Tengrinews.kz

Прокуратура Алматы қалалық полиция департаменті бұрынғы бастығының ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кәсіпкер Қайрат Құдайбергеннің әлеуметтік желісіндегі парақшасында экс-бастық Таймерденовтің "Қаңтар оқиғасы" бойынша ұсталғаны айтылған.

“Дерекөзіміз Алматы қалалық ІІД бұрынғы бастығы Қанат Таймерденовтің "Қаңтар оқиғасы" бойынша ұсталғанын хабарлады. Дереккөз құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды өкілдерінің бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың куәлігі аясында ұсталғанын хабарлады”, – делінген хабарламада.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты прокуратура мәлімдеме жасады.

"Алматы қаласының полиция департаментінің экс-басшысы Таймерденовтің ұсталғаны туралы түрлі телеграм-каналдарда тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Осыған орай, бас прокуратура көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертіп, барлық азаматтар мен БАҚ өкілдерін ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады”, – делінген хабарламада.

Пікірлер