"Күн қайда?" Алматыда суретші уақыт белдеуіне наразылық білдіргені үшін қамалды

1420
Adyrna.kz Telegram
Фото: Facebook
Фото: Facebook

Алматыда бірыңғай уақыт белдеуіне наразылық білдірген суретшіні полиция ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Азаттық радиосына сілтеп.

Суретші Асхат Ахмедияровты Медеу аудандық полиция бөліміне алып кеткен. Бұл туралы құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина айтты.

Төреғожина Facebook-те тікелей эфирге шығып, оқиға орнынан бірнеше видео жариялады. Ол Ахмедияровтың күннің суреті мен "қайда?" деген жазуы бар туды алып, Әл-Фараби даңғылы бойында самокатпен жүргенін айтады.

"Мен, суретші Асхат Ахмедияров Әл-Фараби даңғылына осы шығармашылық сөзіммен шықтым. Мұнда күн тұр және қайда деген сөз жазылған. Бұл қоғам талабына қарамай, уақыт [белдеуін] заңсыз ауыстырумен байланысты. Билік бізден күнді ұрлап алды. Мен осы ту арқылы және шеруім арқылы осыны көрсетіп тұрмын", - деген суретші видеода.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер