Алматы әкімі Париж Олимпиадасының жүлдегерлеріне пәтер мен жаңа көлік табыстады

1067
Adyrna.kz Telegram
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесіп, жеңіспен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әкім Ерболат Досаев спортшылар мен бапкерлерді жетістіктерімен құттықтап, алматылықтар Қазақстан қоржынына көп медаль салғанын айтты.

Күміс жүлдегер гимнаст Нариман Құрбанов пен қола жүлдені еншілеген дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай, оқ атудан сайысқа түскен қос мергендер Александра Ле және Ислам Сәтбаевқа пәтер сертификаттары және ақшалай сыйлықтар берілді. Барлық жүлдегер 5 және 4 миллион теңгенің сертификаты мен жаңа автокөліктердің кілтін алды.

Олимпиадада елдің намысын қорғап, Олимпиадаға қатысқан барлық алматылық спортшы мен бапкерлер құрамы да ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Пікірлер