Ұлытаудағы ірі жол апаты: төрт адам қаза тапты

1626
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ұлытау облыстық ПД
Фото: Ұлытау облыстық ПД

Ұлытау облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

26 мамыр күні сағат 14:15-те Жезқазған – Петропавл республикалық маңызы бар автожолда, Сәтбаев қаласынан Жезді кентіне дейінгі учаскеде екі көлік бір-бірімен соқтығысқан.

Полиция мәліметінше, 2002 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Mercedes-Benz 190 маркалы автокөлігі қарсы жолаққа шығып кеткен. Ол 1978 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы Chevrolet Nexia маркалы машинамен бетпе-бет соқтығысты.

Оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Chevrolet Nexia көлігінің жүргізушісі, оның 1978, 1981 және 1971 жылы туған үш әйел жолаушысы, одан бөлек 2002 жылы туған Mercedes-Benz 190 көлігінің бір жолаушысы қайтыс болған.

Ал Mercedes-Benz 190 көлігінің жүргізушісі және оның 2002 жылы туған әйел жолаушысы Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апатына ұшырағандардың Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар басқармасының кіші сержанттары екені анықталды.

Одан бөлек, Chevrolet Nexia жолаушылары 1999 жылы туған әйел және 2023 жылы туған қыз түрлі жарақатпен Жезқазған қаласының орталық ауруханасына жатқызылғаны белгілі болды.

Пікірлер