Ұлытау облысында кірпіш зауыты ашылды

2509
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Жезқазған қаласы Талап ауылында қала күніне орай кірпіш өндіретін зауыттың ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Зауытты Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы арнайы келіп ашып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

Зауыттың салынуы 2022 жылы басталып, бүгінгі күні толығымен өнім шығаруға дайын. Зауыт 60 жұмыс орнын қамтиды және жоғарғы сапалы керамикалық кірпішті өзімізде шығаруға зор мүмкіндік береді. Зауытта жылына 20 млн. дана кірпіш өндіріледі деп күтілуде.

Өндіріс бағдарламасы Қызылорда облысындағы керамикалық кірпіш өндіру нарығында жеке кәсіпкер Бекмұратов Телибайдың жұмысының 10 жылдан астам тәжірбиесі негізінде жасалды.

Зауыт директоры, жеке кәсіпкер Т. Бекмұратов зауыттың ашылуына қолдау көрсеткен Жезқазған қаласының әкімі Қ.Шайжанов пен Талап ауылының әкімі Қ. Бапановқа алғыс білдіріп, Ұлытау облысына кәсіп ашуға барлық өңірдің кәсіпкерлерін шақырды.

"Алпыстан астам жаңа орын ашылып, ұлытаулықтар тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Онымен қоса, Ұлытау облысының құрылыс-монтаждау объектілері, құрылыс базарлары өз өнімімізді қолданады. Бұл - барлығымыз үшін де игі бастама деп білемін", - деді өңір басшысы.

Пікірлер