40 шақты турист мінген. Алматы облысында автобус аударылып қалды

728
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/almobl_akimat
Фото: instagram.com/almobl_akimat

Алматы облысында туристер мінген автобус жол апатына ұшырады. Зардап шеккендер бар. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, жол апаты бүгін, 27 мамыр сағат 10:20-да Кеген және Еңбекшіқазақ ауданының шекаралас аумағында болған.

"Алдын ала ақпарат бойынша, автобус ҚазАвтоЖол желісіне жататын Аласа асуындағы күрделі жол бұрылысында жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына дереу Кеген ауданынан екі жедел жәрдем бригадасы шықты. Автобуста 37 турист болған. Кеген аудандық ауруханасына 5 адам, Жалағаш аудандық ауруханасына 4 адам, Шелек ауылына 4 адам жеткізілді",-деп хабарлады әкімдіктен.

Қаза тапқандар жоқ.

"Жол апатының себебі әзірге белгісіз, тергеу жүріп жатыр. Зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, туристер дәрігерлердің бақылауында",- деп атап өтті әкімдік.

Пікірлер