Алматы облысында төрт саяжай массиві жабылды. Ол жерде КВИ ауырған 9 жағдай тіркелді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
Хабарламада: "COVID-19 диагнозы расталған 11-ші пациентпен байланыста болған азаматтар провизорлық госпитальға жатқызылып, олардан сол мезетте КВИ анализі алынған болатын. Қорытындылар алынып, 9 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Облыстық штабтың келісімімен Еңбекшіқазақ ауданындағы бірден төрт саяжай массиві - "Алтын адам", "Көксай", "Алтын алма" жəне "Береке" карантинге жабылды, - делінген. Облыс əкімінің тасырмасымен тұрғындардың тізімі жасалды, қажеттілігіне қарай олар азық-түлікпен жəне қызмет түрлерімен қамтамасыз етіледі. Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дəрігері қаулы қабылдады. Қазір карантин режимін қатаң сақтауды қамтамасыз ететін қызметтер жұмылдырылды.Ұқсас жаңалықтар
"Заң шығуы үшін министрдің баласы зорлануы керек пе?" Алматы облысында 9 жасар қыз зорланғаны айтылды
