Көпқабатты үйдің ауласында екі баланы көлік қағып кетті

63
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/I2Bzs5tE0ZPiprCblLW6BDt3oTPU7k3thif2vXpC.webp

Алматы облысында Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі көпқабатты үйдің ауласында екі баланы қағып кетті, деп хабарлайды “Адырна”.

Жол-көлік оқиғасы 4 қыркүйек күні сағат 18:20 шамасында Талғар ауданының Бесағаш ауылындағы «Нүрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көлік шамамен 40 км/сағ жылдамдықпен қозғалған болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Куәгерлердің сөзінше, оқиғадан кейін зардап шеккен қыздардың бірі біраз уақыт ес-түссіз жатқан.

«Полиция қызметкерлері екі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен Chevrolet Cobalt көлігінің 25 жастағы жүргізушісін жауапкершілікке тартты. Соқтығыс салдарынан балалар түрлі дене жарақаттарын алып, қажетті медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді», – деп хабарлады Алматы облысының полициясы.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе балалар болуы мүмкін тұрғын үй аулалары мен елді мекендер аумағында көлік жүргізу кезінде барынша сақ болуға шақырды.

Пікірлер