Қоржында “қос алтын”. Қазақстан жастар құрамасы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында топ жарды

1517
Adyrna.kz Telegram

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Ұлттық Олимпиада комитетінің ақпаратына сілтеп. 

«Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Нұрдос Сабыр Лимада (Перу) әлем чемпионы атанды. 89 келіге дейінгі салмақта оған тең келер ешкім болмады. Қоссайыс бойынша зілтемірші 333 (148+185) келі көтерді», - делінген хабарламада.

Мәлімет бойынша, Аянат Жұмағали екінші алтынды жеңіп алды. Ол 76 келіге дейін салмақта оза шапты. Оның соңғы нәтижесі 222 (97+125) келі болды.

Екінші орын Валерик Мовсесянға (Армения) бұйырды - 329 келі. Бекзод Гофиржонов үшінші нәтиже көрсетті – 324 келі.

«Өткен жылы Сабыр әлем чемпионатында екінші орын алған болатын. Қазақстан құрамасының еншісінде екі жүлде бар. Бұған дейін Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс алған болатын», - деп толықтырды комитеттің баспасөз қызметі.

Пікірлер