DASTAN KASTAY: Өркениетті елге тән сипат - проблеманы нақты көре білу

1503
Adyrna.kz Telegram
Фото: olympic.org
Фото: olympic.org

Шетелдік жатақханада өзбек жігіттерімен бірге тұрдық. Ферғана бокс мектебінің мақтауын асырып, қазақтан асқанын абырой көріп отыратын. Біз, әдетінше, “өркениетті елдің бағаны - ғылым-білімге ұмтылысы” дейміз ғой. Ғылыми-профессорлық құрамды айтамыз.

Оның өзін құнттап жатқанымыз шамалы болса да. (Пультті ойлап тапқанымыз бар. Оны да қисынын тауып әр әңгімеге қыстыра кетеміз). Әйтеуір, “ұялған - тек тұрмастың” амал-айласы ғана.

Қазақ пен өзбектің арасын кенезесі кепкен Арал мәселесі ашпайды, түптің түбінде атақ-даңққа ұмтылыс, бокс бәсекесі ашады. Қара да тұрыңыздар.

Бүгін біздің жігіттердің масс медиа алаңында “Өзбектер кімнен ұтылсаң да, қазақтан ұтылушы болма деп спортшыларын тәрбиелейді” деген бықсық әңгімесін естідім. Сәл ұятты екен. Осындай қатынөсекті қашан қояр екенбіз?..

Өркениетті ел барлық саладан алға шығуға ұмтылады. Өркениетті елге тән сипат - проблеманы нақты көре білу.

Диагнозды нақты қойып, проблеманы тап басатын Жәкішев сияқты азаматтар - дамудың санауи тегершігі. Жігіттердің тапырақтап жатқаны - қолына тренер ұстатқан дұрыс протокол жоқ.

Қарапайым қағиданы алайықшы.

Өркениетті ел - сыныптағы математикаға да, әдебиетке де жүйрік оқушы сияқты. Барлық жағынан үздік. Не сол үздікке жетеғабыл.

“Бізде анау жақсы дамыған, мынау кемшін, мынау бағыт қазаққа тән дүние емес, біз қоян-қолтық спорт түріне шеберміз”…

Меніңше, мұндай бос әңгімені тәуелсіздікті қайта қалыптастырғанымызға 30 жыл өткеннен кейін де создықтата айту - ұятты.

Шын палуанның оң-солы бір. Ғылым- білімі де, спорты да дамығыш.

Менің жүзуден беретін тренерім “Спорт - медицина. Бізде ғылыми спорт жоқ” деп жиі айтатын. Мүмкін осы бағытқа мән беру керек шығар?

 

Dastan Kastay

 

 

Пікірлер