Қырғызстандағы қақтығыс: Пәкістан билігі өз студенттерін кері қайтарып жатыр

762
Adyrna.kz Telegram
Сурет: 24.kg
Сурет: 24.kg

Пәкістан премьер-министрі Қырғызстандағы студенттерді кері қайтаруда, деп хабарлайды "Адырна" ұлтттық порталы Radio Pakistan-ға сілтеп.

Ел билігі Қырғызстандағы Пәкістан елшілігінен адамдарды қайтару үшін қажет нәрсенің бәрін жасауды тапсырды. Арнайы борт 19 мамыр күні кешке Бішкектен 130 адамды алып кетеді.

Пәкістанның Бішкектегі елшісі жағдайдың Қырғызстан үкіметінің бақылауында екендігіне сендірді. Айтуынша 19 мамырда шетелдіктерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері болмаған.

Бішкектегі тәртіпсіздіктерден кейін Пәкістанның кейбір азаматтары Қырғызстаннан дереу кетіп қалған. Отанына оралғандардың бірінші тобымен ұшақ 18 мамырда кешке Пәкістанға Лахорға қонды. Сол бортта 180 адам болған. Оның 140-ы студенттер.

Бұған дейін Пәкістан СІМ Қырғызстанның уақытша адвокатын Бішкектегі пәкістандық студенттерге қатысты зорлық-зомбылыққа алаңдаушылық білдіру үшін шақырған болатын.

Айта кетейік, Қырғызстанның Свердлов ауданына қарасты Ішкі істер басқармасы 13 мамыр күні Будённый көшесінде орналасқан хостел маңында төбелес болғанын мәлімдедәкі. Нәтижесінде Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияның айтуынша, шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Алайда 18 мамырға қараған түні 700-ге жуық адам Құрманжан Датқа көшесіне жиналып, оқиғаға наразылық білдірді. Олар биліктен жанжалға қатысушыларды жазаға тартуды талап етті.

Пікірлер