Қазақстандық таэквондошылар халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

3243
Adyrna.kz Telegram

Эстонияның Таллин қаласында таэквондодан Tallin Open халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" порталы Olympic.kz -ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы үш медальмен көзге түсті.

Нұрлан Мырзабаев 80 келіге дейінгі салмақта жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Смайыл Дүйсебай (87 келіге дейін) пен Ерасыл Арапбай (68 келіге дейін) жарысты қола медальмен аяқтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер