Ескертуді елемеген мопед жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

2051
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Атырау облысында мопед жүргізушісі жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының 18 мамырда тіркелгенін хабарлады.

Жаяу жүргіншіні қаққан мопед жүргізушісіне екі ай бұрын ескерту де жасалған.

«Күндізгі сағат 15:25 шамасында Индер ауданының Бөдене ауылында мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Индер аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ, зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болды», - делінген департамент баспасөз қызметінің хабарламасында.

Адам өліміне себепкер болған жол-оқиғасын жасаған мопед жүргізушінің жасөспірім екені анықталып отыр. Биылғы наурыз айында бұл жасөспірімнің осындай құқық бұзғаны үшін заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда, жасөспірім ескертуге қарамастан мопед жүргізуді жалғастырған.

Пікірлер