Атырау облысында мопед жүргізушісі жасөспірімді қағып өлтірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеп.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасының 18 мамырда тіркелгенін хабарлады.
Жаяу жүргіншіні қаққан мопед жүргізушісіне екі ай бұрын ескерту де жасалған.
Адам өліміне себепкер болған жол-оқиғасын жасаған мопед жүргізушінің жасөспірім екені анықталып отыр. Биылғы наурыз айында бұл жасөспірімнің осындай құқық бұзғаны үшін заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда, жасөспірім ескертуге қарамастан мопед жүргізуді жалғастырған.«Күндізгі сағат 15:25 шамасында Индер ауданының Бөдене ауылында мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Индер аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ, зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болды», - делінген департамент баспасөз қызметінің хабарламасында.