Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін бас бостандығынан айырылды. Прокурор сотталушының мерзіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін экс-министр Бишімбаев 24 жылға түрмеге қамалды.
Прокурор Айжан Аймағанова 24 жыл - тағайындалған айыптарға сәйкес ең жоғарғы жаза екенін айтты. Негізінен жәбірленуші тарап "Адам өлтіру" бабы бойынша 20 жыл, "Азаптау" бабы бойынша 7 жыл тағайындауды сұраған.
"24 жыл деген - ең ауыр жаза. Соңғы 5 жылдағы тәжірибеге сәйкес, алқабилердің қатысуымен өткен сотта аталған санаттағы істер бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы мүлде қолданылмаған", - дейді Айжан Аймағанова.
Сотталған Қуандық Бишімбаев жазасын елорда іргесіндегі қатаң режимдегі колонияда өтемек.