Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеге қамалады – Бас прокуратура

1794
Adyrna.kz Telegram

Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеге қамалады. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бишімбаев қауіпсіздігі барынша жоғары түрмеге қамалады. Бұған дейін де істі болып, сотталғаны ескеріліп, Бишімбаевты 24 жылға барынша қауіпсіздігі жоғары (қатаң режимдегi түзеу колониясы) түрмеге қамау туралы шешім шығарылды. Байжановтың бұрын соттылығы болмағаны ескеріліп, ол 4 жылын орташа қауіпсіздіктегі түрмеде өткізетін болды,"- делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін әйелін қатігездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Бишімбаев 24 жылға, екінші айыпталушы Байжанов 4 жылға сотталды.

Пікірлер