Мектеп күзетшісінің кішкентай қызды зорламақ болғаны айтылды

1825
Adyrna.kz Telegram
dzen.ru
dzen.ru

Ақтауда мектеп күзетшісі бала зорламақ болды деген күдікке ілінді, деп "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаладағы 10 мектептің күзетшісінен мектеп ата-аналары күдіктенуде.

Себебі ата-аналар арасында аудиохабарлама таратылған. Онда демалыс күндері мектептің ауласында кәмелетке толмаған қыздардың ойнап жүргені айтылған. Хабарлама мәтіні бойынша ойын баласын мектеп күзетшісі подъезге шақырған. Содан кейін ол қызды күзет үстелінің артына апарып, оған тиісе бастағанда бала қашып құтылыпты.

"Бұл сұмдық біздің мектепте болған. 52-53 жастағы ер адам мектептің кіре берісінде отырған. Қызды күзет бөлмесіне кіргізген. Баланың қалай құтылғаны белгісіз. Камера тұрса да осылай жасаған. Қызға тисіп, зорламақ болған”, – делінген ақпаратта.

Бұл фактіні мектептің өзі растап отыр. Зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз түсірген.

Мектеп мәліметінше жаға ұстатарлық жағдай 12 мамыр күні болған. Қазір күзетші қамауға алынды.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Пікірлер