Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды

1072
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2022 жылы 4 сәуір күні Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалған Вячеслав Дудник лауазымынан босатылды.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Вячеслав Юрьевич Дудник Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Ол 1963 жылы Қостанай облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін, Халықаралық бизнес академиясын, Ресей халық шаруашылығы академиясын және Швейцарияның Еуропалық университетін тәмамдаған.
Пікірлер