Еуропа елдері АҚШ болмаса өздігінен қорғана алмайды

2934
Adyrna.kz Telegram

Еуропаның барлық қорғаныс қызметі АҚШ-қа тәуелді. Бүгінгі Германияда өткен жиында журналист Даниэль Бресслер осындай мәлімдеме жасады. Бұл жайында Süddeutsche Zeitung порталы ақпарат таратты.

Даниэль Бресслер Еуропан елдерінің әскери саладағы қызметінің әлсіз екендігін Кабулдегі жағдайлармен тікелей байланыстырды. Оның ойынша, Кабулде тұрғындарды эвакуациялау операциясында Еуропа елдерінің жедел қызмет көрсетуі өте төмен деңгейде өткен.

Журналист НАТО-ның құрамындағы бір де бір одақтас мемлекеті АҚШ сияқты жедел операцияларды іске асыра алмаған. Ол Ұлыбританияның, Францияның, Германияның Кабулден тұрғындарды эвакуациялау кезіндегі әрекеттерін өзара салыстырып, осындай қортыныды жасаған. Аталған елдердің әскери қызметіне көңілі толмаған.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер