"Демалыс бермеген". Ресейде суға батқан автобусқа қатысты тағы бір дерек шықты

1310
Adyrna.kz Telegram

Ресейде өзенге құлаған автобустың жүргізушісіне бірнеше күн демалыс берілмегені анықталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

Санкт-Петербургтегі өзенге құлаған "Такси" ЖШҚ автоколоннасының жетекшісін тергеу жұмыстары жүрді.

 "Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған адамға Еңбек және көлік тәртібінің, оның ішінде "Такси"ЖШҚ-да еңбек қызметін жүзеге асыратын жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуын бақылау міндеттері жүктелді. Тергеу мәліметтері бойынша, өзенге құлаған автобустың жүргізушісі бірнеше күн бойы қажетті демалыс уақытымен қамтамасыз етілмеген. Ұсталған адамға бұлтартпау шарасын сайлау және айып тағу мәселесі шешілуде", - делінген хабарламада

10 мамыр күні Санкт-Пететрбургте автобус көпірден құлап кеткен болатын. Салдарынан жеті адам көз жұмды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, автобус қала орталығындағы өзенге құлаған. Белгілі болғандай апат болған кезде салонда 20-ға жуық адам болған.

Айта кетейік, сол күні апатқа ұшыраған автобусқа көмекке ұмтылған қазақ азаматы екенін жазған едік.

Пікірлер