Лавров Қазақ-Ресей тарихшыларынан құрылатын топ туралы айтты

1322
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ресейдің СІМ
Фото: Ресейдің СІМ

Ресей Қазақстанмен бірге бірлескен тарихшылар тобын құруды көздеп отыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.

- Ресей мен Қазақстанда біздің ортақ тарихи жолмен өткенімізбен және қазіргі тарихымен байланысты тақырыптар ара-тұра туындап отырады. Осы ретте, бірлескен тарихшылар тобын құру туралы оң келісімге қол жеткізілгенін атап өткім келеді, - деді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында.

Министр мұндай қадамның екі елге де пайдалы екенін және қоғамның кей бөлігінде пайда болатын пікірталастарды бәсеңдетуге көмектесетінін атап өтті. Оның сөзінше, бұл бастама өзара келісім негізінде жүзеге асырылып жатыр.

Сонымен қатар, министр Лавров Қазақстан мен Ресей арасында шешуді талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін атап өтті.

- Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста мәселелер болмаса, онда қарым-қатынастың өзі де жоқ деген сөз. Кез келген екіжақты қарым-қатынаста күн тәртібі қаншалықты бай болса, соншалықты көп нақты шешімдерді қажет ететін мәселелер туындайды. Бізде Қазақстанмен, бізге дос әрі одақтас мемлекетпен қарым-қатынастар дәл осылай дамып келеді, - деді Лавров.

Пікірлер