Армения 2024 жылы ҰҚШҰ қызметін қаржыландырудан бас тартатынын мәлімдеді

1324
Adyrna.kz Telegram
Фото: rosbalt.ru
Фото: rosbalt.ru

Армения 2024 жылы ҰҚШҰ-ны қаржыландыруға қатыспайды. Бұл ретте Ереван ҰҚШҰ-ның 2024 жылға арналған бюджеті туралы шешімді шектеулі форматта қабылдауға қарсы болмайды. Бұл туралы Армения БАҚ-қа елдің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Армения Республикасы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің 2023 жылғы 23 қарашадағы «2024 жылға арналған ҰҚШҰ бюджеті туралы» шешіміне қосылудан және сол арқылы Ұйымның осы шешімде көзделген қызметін қаржыландыруға қатысудан бас тартады. Сонымен бірге Ереван бұл шешімнің шектеулі форматта қабылдануына қарсылық білдірмейді», - деді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ани Бадалян.

Бұған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-ға қатысуын тоқтатқанын мәлімдеген.

Пікірлер