Қазақстанның ЕАЭО мен ҰҚШҰ құрамынан шығуын талап еткен петицияға қол қойғандар 66 мыңнан асты

40464
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтан (ЕАЭО) және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан (ҰҚШҰ) шығуын талап еткен петиция басталды. Бастамаға 66 мыңнан астам адам қол қойып үлгерді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығуды, сонымен қатар Ресей Федерациясымен барлық ықпалдастық процесті тоқтатуды талап етеміз, –  делінген үндеу мәтінінде.

Петиция авторлары Ресей Федерациясынан саясат пен экономика саласы бойынша бойымызды аулақ ұстауды ұсынады.

Ресейдің кез келген қолдауы елімізді қазіргі Ресей сияқты әлемнен оқшаулайды, –  дейді үндеу авторлары.

 

Пікірлер