Пашинян Мәскеудегі Жеңіс шеруін тамашалауға бармайтынын айтты

1188
Adyrna.kz Telegram

Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9 мамырда Мәскеуде өтетін шараларға қатыспайды және ел басшысының жыл сайынғы Жеңіс шеруіне қатысуын оғаш санайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы interfax.ru сайтына сілтеп. 

«Армения көшбасшысының жыл сайын 9 мамырда өтетін шеруге қатысуы таңқаларлық дүние деп ойламайсыз ба?» - деген сауал қойылды баспасөз мәслихатында.

«Өткен жылы мен 9 мамырда Мәскеуде өткен іс-шараларға қатыстым, жыл сайын қатысудың қажеті жоқ деп ойлаймын және Арменияның немесе кез келген мемлекеттің көшбасшысы жыл сайын қатыса бергені менің есімде жоқ», - деп қосты Премьер-Министр.

Аталмыш баспасөз мәслихатында ол 8 мамырда Мәскеуге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕАЭК) мерейтойлық саммитіне қатысуға баратынын және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін хабарлады. Бір күн бұрын Кремльде екіжақты кездесу болатыны хабарланды.

Пікірлер