Ресей Беларусь еліне зымыран шығаруға көмектеседі

2993
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТАСС
Фото: ТАСС

Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей зымырандарды, соның ішінде ресейлік «Искандер» жедел-тактикалық зымырандық кешендерінің үлгісін жасауда көмектесетінін айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәскеу мен Минск зымырандық кешендерді, соның ішінде Искандер моделін өндіруге қатысты бірқатар мәселелер бойынша келісімге келді. Бұл туралы Беларусь президентінің ресми сайтында жарияланды.

Беларусь президентінің айтуынша, мемлекет басшылары осы жылдың сәуір айында Қиыр Шығысқа сапарынан кейін бұл тақырыпты өзара көтерген.

«Жоғары деңгейде тиісті келісімдерге қол жеткізілді. Біз жаңа зымыран жасап жатырмыз. Ол -  өте тиімді «Искандер» зымыраны», - деді Лукашенко мемлекеттік қорғаныс тапсырысы бойынша кеңесте.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер