НАТО-ның төрт елі Ресей мен Қытайға қарсы әскери блок құрып жатыр

6908
Adyrna.kz Telegram

АҚШ бастаған НАТО елдері Ресей мен Қытайдың шығысына өте қуатты әскери блок құрып жатыр

АҚШ бастаған НАТО елдері Ресейдің шығысына, Азия-Тынық мұхиты архипелагтарына жүз мыңдаған стратегиялық әскери блок құруды қолға алды. Бұл блоктың негізгі құрамы теңіз әскери күштерінен тұрады деп мәлімдеме жасады Пентагон.
НАТО Азияны тұтас бақылауына алып отыр. Блоктың мақсыты - екі жақтама жұмыс істеу. Бір орында тұрып, Қытай мен Ресейді бақылауға алмақ. Солтүстік Атлантика альянсы бұл әскери блокты құруды 2007 жылы құруды қолға алыпты. 2007 жылы Жапонияның премьер министрі Синдзо Абэ төрт жақтама келісім арқылы АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Австралияны осы блокқа бірігуге ұсыныс тастаған. Қазір жапондық министрдің ұсынысы іске асуда.

Бұл әскери блокқа Қытаймен араздасып отырған Тынық мұхиты архипелагтарына орналасқан елдер де тартылады деп жатыр Пентагон. Бұл тұста НАТО-ның ең басты қарсыласы Қытай тұр.

Ал, Жапония өзінің аралдарын АҚШ-тың әскери блоктарын орналастыруға келісім берді. АҚШ қазір стратегиялық қаруларын аралдарға алып келіп жатыр.

Кремль мен Пекиннің кешегі ресми хабарламалары дәл осы процеске қатысты іске асып отыр.

Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер