Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9 мамырда Мәскеуде өтетін шараларға қатыспайды және ел басшысының жыл сайынғы Жеңіс шеруіне қатысуын оғаш санайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы interfax.ru сайтына сілтеп.
«Армения көшбасшысының жыл сайын 9 мамырда өтетін шеруге қатысуы таңқаларлық дүние деп ойламайсыз ба?» - деген сауал қойылды баспасөз мәслихатында.
«Өткен жылы мен 9 мамырда Мәскеуде өткен іс-шараларға қатыстым, жыл сайын қатысудың
қажеті жоқ деп ойлаймын және Арменияның немесе кез келген мемлекеттің көшбасшысы жыл сайын қатыса бергені менің есімде жоқ», - деп қосты Премьер-Министр.
Аталмыш баспасөз мәслихатында ол 8 мамырда Мәскеуге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЕАЭК) мерейтойлық саммитіне қатысуға баратынын және Ресей президенті Владимир Путинмен кездесетінін хабарлады. Бір күн бұрын Кремльде екіжақты кездесу болатыны хабарланды.
Other materials
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз