Тәжікстан министрлігі Қазақстанға баруды жоспарлаған өз азаматтарына ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Тәжікстанның СІМ Қазақстанның халықаралық әуежайларында енгізілген қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты өз азаматтарына барлық құжаттарды алып жүрулері қажет екенін ескертті.
"Қазақстанға келгеннен кейін шекаралық және кедендік бақылаудан өту кезінде тексерулер жүргізген жағдайда Тәжікстан азаматтары сапардың мақсаты мен мерзіміне, тұрғылықты жеріне, Қазақстанда таныстарының немесе туыстарының болуына байланысты сұрақтарға жауап беруге, қажет болған жағдайда олардың тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондарын ұсына отырып, дайын болуы қажет", - деп мәлімдеді министрлік.
Егер қандай да бір қиындықтар туындаған жағдайда Тәжікстан азаматтары Қазақстандағы Тәжікстан елшілігіне мына номер бойынша жүгіне алады +7 776 176 00 43.