Қырғызстаннан кейін Қазақстан санкцияға ұшырай ма? - Сыртқы істер министрлігі жауап берді

2109
Adyrna.kz Telegram
Фото: kursiv.media
Фото: kursiv.media

АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға қауіп төндірмейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Соңғы санкциялар пакетінен Қазақстанға ешқандай қауіп-қатер төнбейді. Сондай-ақ санкция салудың алғышарттары жоқ, - деді  Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров. 

Оның айтуынша, Сыртқы істер министрлігі Ресейге қарсы санкциялар енгізілген күннен бастап бұл үдерісті белсенді түрде бақылап отырады.

Біз санкциялардан жалтаратын немесе оны жасыратын әрекеттерге бармаймыз. Сонымен қатар Ресеймен дәстүрлі экономикалық қарым-қатынасымызды жалғастырамыз, - деді Айдаров.

Ол Қазақстан 2022 жылдан бастап Ресейге әскери тауарларды жеткізуге тыйым салғанын айтты. Қосарлы мақсаттағы тауарлар үшін арнайы сертификаттау енгізілді, яғни оларды экспорттау үшін арнайы рұқсат қажет. Сонымен қатар, электронды шот-фактуралар (ESIs) Қазақстаннан немесе Қазақстан арқылы жөнелтілетін барлық тауарларды бақылайды. 

Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер комитетінің барлық жүйелеріне тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілді. Бұл жүйе заңсыз әрекет жасайтын компанияларды анықтайды.

 

Пікірлер