Бурабайға барған мектеп оқушысы қайтыс болды

2401
Adyrna.kz Telegram
qazaqstan.tv
qazaqstan.tv

Астанадан Бурабайға барған мектеп оқушысы экскурсия кезінде қайтыс болды. Бұл жайында Nayza Kokshe  Instagram парақшасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Мәліметке қарағанда, 5 мамырда 18 оқушы Астанадан Бурабайға экскурсияға келген. Оқушылардың бірі жанындағы досымен жалдамалы велосипед алып, серуенге шыққан. "Ракушка" деген тастың жанында жасөспірімдердің біреуі рөлге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен ағашқа соғылады. 16 жастағы бала оқиға орнында қайтыс болды.

Ақмола облыстық полиция департаменті қазіргі кезде қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Алдын ала ақпаратқа сәйкес, кәмелет жасқа толмаған бала велосипедті жалға алып, ағашқа соғылған. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу шаралары жүріп жатыр», - дейді полиция департаменті.

Оқиға орнында көз жұмған бала - Астанадағы BINOM мектебінің 10-шы сынып оқушысы.

Ақпаратқа сәйкес, Бурабайға оқушылармен бірге сынып жетекшісі де барған. Педагог жедел жәрдем мен полицияны да шақырған. Бурабайдағы экскурсияны ата-аналар комитеті ұйымдастырған.

Пікірлер